Басты бет/Қайтару саясаты
Қайтару саясаты
Қайтару мен айырбастау қарастырылмаған. Біз әр жұп бутсаны жөнелту алдында тексереміз және әрбір модель мен өлшем сипаттамада көрсетілген. Сондықтан тапсырыс берер алдында өлшемді мұқият таңдауыңызды өтінеміз.
Қайтару қашан мүмкін
Сатушы кінәсінен болатын жағдайлар:
- Зауыттық ақау — пайдалану нәтижесінде емес, өндіріс кезіндегі кемшілік;
- Қойма қателігі — тапсырысқа сай емес модель немесе түс жіберілді;
- Қате өлшем — сізге сіз таңдамаған өлшем жіберілсе.
Бұл жағдайларда біз ақшаңызды толық қайтарамыз немесе тауарды алмастырамыз. Кері жөнелту шығынын біз өтейміз.
Не қайтаруға болмайды
- «Маған өлшем сай келмеді» — өлшемді өзіңіз таңдадыңыз;
- «Маған дизайн ұнамады» — фото мен сипаттама бар;
- «Қажет болмай қалды» — тапсырыс расталған соң қайтару жоқ;
- Тауар киіліп немесе зақымдалған болса.
Сондықтан тапсырыс берер алдында өлшемдер кестесін міндетті түрде қараңыз. Күмән болса — TikTok арқылы хабарласыңыз, көмектесеміз.
Ақаулы тауар немесе қателік болса — не істеу керек
- 48 сағат ішінде бізге info@cleancleats.com немесе TikTok арқылы жазыңыз. Тапсырыс нөмірі мен мәселенің фото-видеосын тіркеңіз.
- Біз қайтару мекенжайын жібереміз. Кері жөнелту шығынын біз өтейміз.
- Тауар бізге келгеннен кейін 2–3 жұмыс күні ішінде тексереміз.
- Кінә бізде болса — ақша Kaspi арқылы 10 жұмыс күні ішінде толық қайтарылады немесе тауар тегін алмастырылады.
Маңызды: Біз ақаулы тауарды немесе қойма қателігін ешқашан өзіңізге қалдырмаймыз. Егер шынымен бізде кінә болса — толық қайтарасыз. Бірақ «бұл маған сай келмеді» дегенді кінә санамаймыз.

